Тайланд теңіз жағалауына 50 мың литр мұнай төгілді

None
None
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қытай теңізінде танкердің апатқа ұшырауы салдарынан Тайланд жағалауына 50 мың литрге жуық мұнай төгілген, деп хабарлайды РосБалт.

Әзірге ластанған жердің 40 пайызы ғана тазартылды.

Апат Сиам шығанағындағы Районг провинциясында орын алған. Төгілген мұнай қалдықтары Мае Ранпуенг курортты аймағына қарай жылжуда. Елдің теңіз департаменті берген мәліметтерге қарағанда, ұзындығы 2,5 шақырым, ені 800 метрді алып жатқан төгілген мұнай қалдықтарын жою үшін 10 кеме жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар