Тайланд елге кіретіндерден вакцинация паспортын қайта талап ете бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылдың 9 қаңтарынан Тайландқа барған жолаушылардың бәрі (18 жастан асқан) коронавирусқа қарсы кемінде екі доза вакцина алғанын растайтын сертификатты (паспортты) көрсетуі қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Air Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вакцинаның екінші компоненті елге кіруден кемінде 14 күн бұрын алынуы керек. Ал, жолаушылардың 5%-ы ПТР-тест тапсырады.

«Вакцинациясы жоқ жолаушылар дәрігерден кемінде кейінгі жарты жылда (180 күн) коронавирустан жазылғанын растайтын хат немесе анықтама алуы тиіс. ДДҰ мен Тайландтың Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі мақұлдаған вакциналар тізімін сілтемеге өтіп, көруге болады.

Тайландта коронавирус жұқтырып алып, өз елінің талаптары қайтуға рұқсат бермейтін жолаушыларда коронавирустан емделу шығындарын қарастыратын медициналық сақтандыруы болуы керек. Жұмыс бойынша саяхаттаушылар, оның ішінде экипаж мүшелері бұл талапты орындау үшін қабылдаушы жақтан хат ұсына алады», - делінген әуе компания хабарламасында.

Вакцинация мен сақтандыру талабының тай паспорты барларға, сондай-ақ транзитпен саяхаттаушы жолаушыларға қатысы жоқ. Олар баратын елінің талабын сақтауы керек.


Соңғы жаңалықтар