Таяуда Орал қаласында мемлекеттік нотариус жұмыс жасай бастамақ

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 1-інен Орал қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік нотариус өз қызметін бастамақ.

Облыстық әділет департаментінің бөлім бастығы Болат Жангереевтің ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осы кезге дейін бұл жұмысты тек жеке нотариустар атқарып келді. Енді нотариустың халыққа қызмет көрсету орталығында орналасуы тұрғындар үшін де қолайлы.

БҚО халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Венера Борашеваның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда бір қалалық орталық, 12 аудандық филиал, ірі елді мекендерде 5 өкілдік, «Қазпошта» АҚ филиалдары жүйесі арқылы 10 пункт және қалаға қарасты Круглоозерный мен Деркөл кенттерінде екі қызмет бөлімі жұмыс жасайды. Бұларда 25-тен астам қызмет түрі көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар