Таяуда әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнесмендер марапатталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын арада «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауының жеңімпаздары белгілі болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов мәлім етті.

Байқауда «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымдары қамтылып отыр.

Комитет басшысы биыл байқау осымен жетінші мәрте өткізіліп отырғанын айта келе, «Жеті жыл бойы осы байқауға қатысуға ниетті жеке кәсіпкерлік субъектілер санының артуын байқап отырмыз. Бүгін комиссия отырысы өтіп, биылғы лауреаттар іріктелді. Оларды марапаттау жақын арада өтеді», - деді А.Сарбасов.

Айта кетейік, марапаттау рәсімі Индустрияландыру күні аясында ұйымдастырылады. ҚР Президентінің Жарлығымен жарияланған «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауына биыл қатысуға барлық өңірлерден 584 өтінім берілген. Конкурс өткізіле бастағаннан бері 2,5 мың шағын, орта және ірі кәсіпорындар қатысты. Ағымдағы жылы байқауға қатысуға берілген өтінімдер саны бойынша Қостанай облысы көш бастап тұр.

Соңғы жаңалықтар