Таяу уақытта баспана бағасы қымбаттай ма – сарапшы пікірі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде баспана бағасының қымбаттауына еш себеп жоқ. Мұндай пікірді Қазақстан риелторларының бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағаның көтерілуіне себеп жоқ. Нарық құлдырауын жалғастырып отыр. Сәуірдегі мәміле санының артуы бағаның төмендеуі аясында орын алғаны анық. Жаңадан салынған тұрғын үйлердегі пәтер құны 0,6 пайызға, қайталама нарықтағы пәтерлер 1,5 пайызға арзандады», - деді ол агенттік тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

Осы орайда ол көптеген сарапшы өткен жылдың сәуір айындағы жағдаймен салыстыра отырып, біржақты талдау жасайтындығына айрықша назар аударды.

«Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда жаңа тұрғын үйдегі пәтер бағасының 7,8 пайызға, ал қайтала нарықтағы пәтердің құнының 3,8 пайызға көтерілгенін білдіреді. Бірақ, жалпы нарықтағы жағдайды бағамдау үшін соңғы бірнеше айдың ішінде бағаның артуына, төмендеуіне көз жүгіртіп, не жағдай орын алып жатқанын түсіну қажет. Ал тізбекті индекс өткен жылдың қараша-желтоқсанынан бастап төмендеу тенденциясын көрсетіп отыр. Және де мемлекет тарапынан дәл осы кезеңде нарықты сүйемелдеудің еш қажеті жоқ. Нарық таяу 2-3 айдың ішінде өзінің теңгерімді жай-күйіне оралады», - деді Нина Лукьяненко.


Соңғы жаңалықтар