Таяу Шығыста және Ереван, Бакуде сайлау учаскелері жұмыс істей бастады

2023 жылғы 19 наурыз, 09:22
Таяу Шығыста және Ереван, Бакуде сайлау учаскелері жұмыс істей бастады Фото: t.me/pressmfakz

АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемнің 7 қаласында сайлау учаскелері жұмыс істей бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскат және Ереван, Баку, Астрахан және Тбилисиде дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс істей бастады.

photo

photo

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері әлемде бірінші болып ашылды.

photo

Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді.

ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.

photo

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar