Таяу Шығыс лаңкестіктің иіріміне шырмалып тұр - Елбасы

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Таяу Шығыс лаңкестіктің иіріміне шырмалып тұр. Бұл туралы бүгін Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Таяу Шығыстағы жағдай да қиын болып отыр. Сирия, Ливия, Ирак, Палестина-Израиль жанжалы тұрақсыздықтың бақылаудан шығып кеткен ошағына айналды. Өңір лаңкестіктің иіріміне шырмалған», - деді Қазақстан көшбасшысы.

Елбасының атап өтуінше, деструктивті элементтер тек қана өңірлік қана емес, сонымен бірге халықаралық қауіпсіздікке де тікелей қатер төндіреді.

«Бұл елдердегі дағдарысты ахуалдың гуманитарлық салдары да қиын екендігі белгілі», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар