Таяу күндері аптап ыстық басылады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 4-6 тамыз күндері Қазақстан аймақтарында ауа температурасының біртіндеп төмендейтіні туралы хабарлап отыр.

Тамыздың алғашқы күндері Қазақстанның батыс аймағында болған +40...44º ауа температурасы әуелі солтүстік-батыс, содан кейін солтүстік ауа ағындарының әсерінен басылады.

Таяу тәуліктерде республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі күтіліп отыр. 6 тамыз күні суық атмосфералық ағынның өтуімен Қазақстанның батыс, солтүстік және орталығының кей жерлерінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында алдағы тәуліктерде өте қатты ыстық болады, күндіз ауа температурасы +40..43º-қа дейін көтеріледі, бірақ 5-6 тамызда оңтүстік-батыс ағындар солтүстік-батыс ағындарға ауысып, ыстық күн райы біртіндеп басылады.

Соңғы жаңалықтар