Таяу күндері Алматыда еліміздегі балалар тағамын шығаратын алғашқы зауыт іске қосылады

None
None
СТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Таяу күндері Алматыда еліміздегі балалар тағамын шығаратын алғашқы зауыт іске қосылады.

Бұл туралы бүгін елордада басталған Түркі әлемі педиатрларының 10-шы халықаралық конгресі аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов мәлім етті.

«Бұл нағыз балалардың денсаулығына лайықталған, әдейі арналып жасалған тағам түрлері. Өйткені ол дәрумендермен, микроэлементтермен байытылған. Сондықтан бұл зауыттың орны да ерекше және ол әлемдегі Қазақстанның ерекше келбетін көрсетеді», деген ол мекеменің атауы Қазақ тағамтану академиясының Амиран зауыты болатындығын жеткізді.

Жалпы оның айтуынша, бұндай зауыт бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған елдердегі ең алғашқы бірегей зауыт болып саналады. Онда құны өте қымбат тұратын венгер технология қолданылады. Ал шығаратын өнімді қазақ тағамтану академиясы шешеді.

«Өнімдеріміз тек қана табиғи болады әрі оның сапасына жиі бақылау жүргіземіз. Зауыт жанынан заманауи құрал-жабыдықтармен жарақтанған сапа бақылау зертханасы ашылады», деді Т.Шарманов.

Алдағы жоспарымен бөліскен академик ешкі, соя сүттерінің негізінен балалар тағамы зауытын салатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ алғашқы зауыт іске қосылып, өзін-өзі ақтай бастасымен, мемлекет, Үкімет алдында осындай зауыттарды еліміздің түпкір-түпкірінде салу мәселесін көтермек ойын да атап өтті. Академиктің пайымынша, республика сәбилерін толығымен балалар тағамымен қамтамасыз ету үшін кемінде елімізге әлі де 5 зауыт қажет екен.

Соңғы жаңалықтар