Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Текетірес әлі де шиеленісіп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гуманитарлық бітімге қарамастан Таулы Қарабақтағы жағдай әлі де шиеленісіп тұр. ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағалары атысты тоқтату мен келіссөздер процесін қалпына келтіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлайды.

10 қазанда РФ СІМ келістірушілігімен Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері гуманитарлық мақсатта атысты тоқтату туралы келісімге келгендей еді. Алайда бұл мәміле көпке созылған жоқ. Тараптар түйіскен барлық нүктеде қақтығыс жүріп жатыр. Тараптардың екі жағы да бірін-бірі айыптауда.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша қақтығыс аумағындағы солтүстік және оңтүстік бағытта шиеленіскен жағдай сақталып тұр.

«14 және 15 қазан күндері түнгі уақытта, алдыңғы күндердей майданның Агдер-Агдам мен Физули-Гадрут-Джебраил бағытындағы жағдай ушыққан күйде тұр», - дееп хабарлайды әзербайжандық қорғаныс ведомствосы.

Арменияның бірыңғай ақпараттық орталығы да майдан шебінен хабар таратты.

«Түні бойы жағдай шиеленіскен күйде тұрды», - делінген 15 қазандағы хабарламада.

Қос тарап та соғыстың салдарынан әскерилерден бөлек қарапайым адамдар көз жұмып жатқанын хабарлайды. Осының салдарынан қала инфрақұрылымдарына зақым келуде.

Әлемдік қауымдастықтар тараптарды әлі де соғысты тоқтатып, келіссөздерді қалпына келтіруге шақырып әлек. Келіссөз процесінің медиаторы ретінде ЕҚЫҰ-ның Минск тобы қақтығыс аумағында атысты тоқтату және саяси процесті бастауға күш салуда.

«Әскерилер желісі бойынша кездесу ұйымдастырып, біздің құжатта (10 қазандағы) көрсетілгендей, атысты тоқтату туралы механизмді мақұлдасу керек. Алайда бұл құжатты тараптардың ешқайсысы талқылағысы да келмейді. Бұл сигналдарды Әзербайжандағы және Армениядағы әріптестерге жібердік. Менің ойымша, бұл – атысты тоқтатудың негізгі кілті, себебі соғыстан азаматтық нысандар, бейбіт халық зардап шегіп жатыр», - дейді РФ СІМ басшысы Сергей Лавров БАҚ-қа берген сұхбатында.

Еске сала кетсек 27 қыркүйекте Әзербайжан мен Армения арасында Таулы Қарабақ бойынша қақтығыс басталған еді. Әзербайжан да, Армения да осы жағдайға байланысты соғыс жағдайын жариялады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі болса бұл жағдайға байланысты пікір білдірген болатын.

Аударған: Аян Бекенұлы

Соңғы жаңалықтар