Таулы Қарабақ қақтығысына қатысқан 593 адам ардагер мәртебесін алуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңнамаға енгізу ұсынылып отырған өзгерістер қабылданса, 1991 жылы Таулы Қарабақтағы шиеленіске қатысқан 593 адам ардагер мәртебесін алуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді.

«Биыл Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының шеңберінде Таулы Қарабақтағы ұрыс қимылдары мерзімін 1991 жылдың соңына дейін ұлғайту көзделуде. Нәтижесінде «ардагер» мәртебесін Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан қосымша 593 әскери қыметші алады. Жалпы 2022 жылы Қазақстанда 98 100 ардагер мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды», - деді Руслан Сәкеев.

Оның сөзіне қарағанда, Еңбек ардагері мәртебесіне үміткер адамдардың санаты да заң бойынша кеңейтілген.

«Мемлекет тұрақты негізде әлеуметтік заңнаманы жетілдіру бойынша шараларды жүйелі қабылдап отырады. Осылайша 2020 жылдағы қабылдағанған заң ардагерлердің жаңадан енгізілген санатттарына жататын 11 мыңнан астам адам үшін Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, ТМД шекарасын күшейтуге, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге, Ирактағы бітімгершілік операциясына қатысқан әскери қызметкерлерге ай сайын әлеуметтік жәрдемақы алуға үмкіндік береді. Сондай-ақ, ардагерлерге ұсынылатын бүкіл жеңілдіктер мен кепілдіктерді пайдалануға мүмкіндік беріледі. Бұдан басқа 2021 жылғы Ардагерлер туралы заң бойынша, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған, 40 жылдан астам, оның ішінде салада 10 жұмыс өтілі бар, еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген және зейнет жасына жеткен адамдарды еңбек адагерлеріне жатқызу мәселесі енгізілген», - деді вице-министр.

Вице-министрдің мәліметі бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектері ай сайын 201 мың теңгеден алып отыр.


Соңғы жаңалықтар