Таулы Қарабақ аймағындағы ахуал күрделене түсуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таулы Қарабақ аймағындағы ахуал күрделене түсуде. Әзербайжан мен Армения қорғаныс ведмостволары жанжал аймағында әскери іс-қимылдың жалғасып жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

27 қыркүйекте басталған Қарабақ жанжалы аймағындағы ахуал тараптар түйісетін барлық желіде күрделі болып тұр. Әзербайжан мен Армения қорғаныс ведомстволарының мәліметтеріне қарағанда, жанжал аймағында артиллерия, сауытты техника, атыс қарулары қолданылып жатыр.

«Түні бойы ахуал біршама тұрақты әрі шиеленісті болды. Жекелеген учаскелерде артиллерия және атыс қаруларын қолдану жалғасты. Қазіргі уақытта майданның барлық бағытында соғыс іс-қимылдары қайта жанданды», - делінген 2 қазан күні Армения үкіметі жанындағы бірыңғай ақпараттық орталық таратқан ақпаратта.

«Түнде және 2 қазан күні таңертең соғыс іс-қимылдары майданның түрлі бағыттарында жалғасты», - деп хабарлады өз кезегінде ӘЗЕРТАДЖ Әзербайжан Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Күні кеше ғана ЕҚЫҰ-ның Минск тобына кіретін Ресей, АҚШ және Франция елдерінің президенттері тараптарды шұғыл түрде соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырған еді.

Сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын.


Соңғы жаңалықтар