Таулы Қарабақ аумағындағы шиеленістің ушығуы жалғасуда

БАКУ. ӘЗЕРТАЖ – АРМЕНПРЕСС – ҚазАқпарат – Әзербайжан Бардинск ауданының Гараюсифли ауылына Армения тарапынан оқ жаудырылғанын мәлімдеді. Салдарынан кем дегенде 4 адам қаза болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бардинск ауданының Гараюсифли ауылына сағат шамамен 16.00-де Армения Қарулы күштерінің зеңбірекпен оқ жаудыруы салдарынан мерт болған азаматтық тұлғалардың саны төрт адамға жетті. Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жарақат алғандардың бірі Исмаилов Эхтирам Халил оглу көз жұмды. Осылайша, ажал құшқандар саны төрт адам болды», - деп жазады ӘзерТаж агенттігі.
Бұл ретте, Арменпресс ақпарат агенттігі Армения Қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы Шушан Степанянның Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап хабарлауынша, Армения Қорғаныс министрлігі Армения территориясынан Барда ауданы бағытында ракеталық соққы жасалғандығы туралы әзербайжандық тараптың мәлімдемесін жоққа шығарып отыр.
- Коронавирус: Еуроодақ аумағына кіру үшін вакцина сертификаты талап етілуі мүмкін бе
- COVID-19-ға қарсы вакцина: Әлемдегі жағдай қандай
- Мексика президенті коронавирус жұқтырды
- Венесуэла «Спутник V» вакцинасын сынау нәтижелерін жариялады
-
Әбу-Даби қаласында Израиль елшілігі ашылды
-
Португалияда президент сайлауы өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам