Таулы Бадахшанда қар көшкіні жүріп, адамдар қаза тапты

None
АСТАНА. Ховар-ҚазАқпарат - Тәжікстан Үкіметі жанындағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті синоптиктерге сілтеме жасап, 19 ақпанға дейін Таулы Бадахшан автономия өлкесі ауданында, Гиссар тауларында, сондай-ақ «Душанбе-Худжанд», «Душанбе-Рашт-Лахш», «Хорог - Мургаб», «Душанбе - Хорог», «Хорог - Ишкашим» тасжолдарында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты қар көшкіні қаупінің жоғары екенін ескертті. Бүл туралы ҚазАқпарат Тәжікстанның Ховар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

15 ақпанда «Душанбе-Варзоб» тасжолының 65-ші шақырымында қар көшкіні салдарынан төрт көлік қарға көмілді.

ТЖК және азаматтық қорғаныс құтқарушыларының, полиция және IRS жол қызметкерлерінің күшіммен жолаушылар құтқарылды. Оқиға салдарынан бір жүргізуші қайтыс болды.

Жолдағы жағдайды қағалауды күшейту және көмек көрсету үшін құтқарушылар мен Комитет қызметкерлерінен құрылған қосымша күш жіберіліп жатыр.

Адамдарды эвакуациялау және оларды қауіпсіз аймаққа шығару жұмыстарын ұйымдастыру үшін Комитет төрағасының бірінші орынбасары Хотамшо Латифзоданың жетекшілігімен арнайы жұмыс тобы құрылды. «Душанбе – Худжанд» тасжолы жабылды.

Қар көшкіні болған жерде тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ІІМ жол полициясы және ІRS жол қызметкерлері посттар орнатты.

Қардың қалың жаууы салдарынан Ванч аймағында қар көшкіні түсіп, салдарынан Техарв тұрғыны қайтыс болды. Оның денесін жергілікті тұрғындар тауып, туыстарына тапсырды.

Хорог аумағында қар көшкіні салдарынан 22 тұрғын бүлінді, соның ішінде төртеуі толығымен қирады.

Табиғи апат салдарынан 6 жергілікті тұрғын (4 жасар бір ұл мен қыз, 4 әйел) қаза тапты. 15 ақпанда құтқарушылардың күшімен қар көшкіні астынан 9 жергілікті тұрғын шығарылды.

Таулы Бадахшанның Рушан және Шугнан аудандарында қар көшкініне байланысты жабылған «Душанбе-Хорог-Мургаб» тасжолындағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр.

Төтенше жағдайларды жою штабы құрылып, тәулік бойы жұмыс істейді.

Комитет төрағасының орынбасары И.Иброхимзода бастаған комитеттің орталық аппаратының қызметкерлері Таулы Бадахшанға аттанды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету жұмыстары, сондай-ақ табиғи апаттардың салдарын жою жұмыстарының барысы Мемлекет басшысының жеке бақылауына алынды.

Жергілікті жерде төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия шығынды бағалау жұмысын бастады.


Фото: khovar.tj

Соңғы жаңалықтар