Тауға шығатын туристер маршруттарын құтқарушылармен келісуге міндеттеледі

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тауға шығатын туристер жүретін маршруттарын құтқарушылармен алдын ала келісетін болады. Заңнамаға енгізілетін бұл өзгеріс туралы Алматыға жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр табиғи өрттер, көшкін қаупі бар кезең мен су тасқынынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған жұмыстар бойынша жиналыс өткізді.

Юрий Ильин Мемлекет басшысының елдегі төтенше жағдайлардың санын азайту жөніндегі тапсырмасын еске салып, бизнес-қауымдастық жауапты ведомствоға төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектесуі тиіс екендігін атап өтті.

«Біз маршрутқа шығатын барлық туристік топтарды Алматының Төтенше жағдайлар департаментімен бағыттарды мақұлдап, хабарлап отыруға міндеттеу жөнінде заңнамаға өзгеріс енгізуге бастамашылық етпекпіз. Туризмді дамыту бойынша фронт-офистің құрылуын ескере отырып, топтардың қалай қозғалатынын бақылау үшін Республикалық жедел-құтқару жасақтарымен бірге туристік маршруттарды тіркеудің электронды нұсқасын тезірек іске қосу қажет», - деп ұсынды Ю.Ильин.

Бұдан бөлек, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру, құқықтық және әлеуметтік негізде қорғалуын арттыру мәселесі көтерілді.


Соңғы жаңалықтар