Тәуелсіздіктің кезекті жылдығын атап өту бізге, ең алдымен, той тойлау үшін емес, ой ойлау үшін керек - Мемлекет басшысы

None
None
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Тәуелсіздіктің кезекті жылдығын атап өту бізге, ең алдымен, той тойлау үшін емес, ой ойлау үшін керек. Бүгін Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  осылай айтты,

 

 

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тәуелсіздіктің тайғақ кешулі жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белімізді талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз тәуелсіздікке қиын істе тәуекелі тұратындардың ғана қолы жетеді», - деп атап өтті Президент.

Елбасы бүгінде тарих еншісіне айналып үлгерген 18 жылдың бәрі де ұлы іске, яғни  Тәуелсіз Қазақстанды қаз тұрғызуға, сақтауға әрі дамытуға, оның экономикалық және рухани күш-қуатын нығайтуға, азаматтарымызды өз күшіне және өздерінің келешегіне деген сенімділікке тәрбиелеуге арналғанын айтты.

«Бүгінгі өз келешегіне бет алған тәуелсіз Қазақстан - бұл біздің ортақ жетістігіміз, бұл біздің ортақ мақтанышымыз! Өз сөзімді аяқтай келе, мен бүкіл көп ұлтты Қазақстан халқына отансүйгіштігі мен ел игілігі және еліміздің Тәуелсіздігі жолындағы жасампаздық еңбегі үшін алғысымды айтқым келеді. Мың алғыс сіздерге. Әрдайым шығар тауымыз биік болсын, алдымыздағы ұлан асуға - Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдық торқалы тойына жарқын жүзбен, көтеріңкі көңілмен жетейік», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар