Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктер Нидерландының Клингендаль институтында талқыланды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Нидерландтағы елшілігі осы елдің «Клингендаль» Халықаралық қатынастар институты өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға осы елдің ғылым, бизнес және академиялық ортасының өкілдері мен танымал сарапшылар қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ерлан Әлімбаев ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы экономикалық прогрес пен тұрақты даму кезеңіне айналғанын айтты. Бұл ретте қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы ұсынған, еліміздегі маңызды демократиялық үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған шешуші реформалар туралы айта кетті.

Е.Әлімбаев Нидерландының еліміздің Еуропадағы шешуші сауда-экономикалық серіктестірінің бірі және Қазақстандағы ең ірі инвестор екенін жеткізді.

Ол сонымен қатар Қазақстанның ЕО-ның Еуропалық Одақтың жасыл бағытының (European Green Deal) мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге дайын екенін айтып өтті.

Нидерландының Қазақстандағы экс-елшісі Ханс Дриссердің модераторлығымен өткен сарапшылар сессиясының тақырыбы «ЕО мен Қазақстанның жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастығының перспективалары» атты тақырыпта өтті.


Клингендаль институтының ЕО мәселелері және жаһандық қатынастар жөніндегі бөлім бастығы Луиза Ван Схаик өз сөзінде ЕО пен ҚР арасындағы қарым-қатынаста мұнай мен табиғи газ саудасы басымдыққа ие болғанын тілге тиек етті.

Осы ретте ол Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты жандандыру үшін қандай құралдарды қолдану керектігіне де тоқталды.

Гаага стратегиялық зерттеулер орталығының негізін қалаушы және Лейден университетінің профессоры Роб де Вейк Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері бойынша әлеуеті сутегі энергетикасын қоса алғанда екіжақты ынтымақтастықтың плацдармына айналуы мүмкін.

Өз кезегінде ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономика» жөніндегі кеңес мүшесі, профессор, «Жасыл академия» ғылыми білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина Қазақстан экономикасын көміртегіден арылту бағыттары туралы айтты.

Лондондағы ҚР Тұңғыш Президенті Қорының басшысы Ғани Бекенов шараға қатысушыларды Әлемдік экономика және саясат институты мен Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырған Astana Club 3 халықаралық пікірталас алаңының қызметінен хабардар етті. Ол сондай-ақ Әлемдік экономика және саясат институты мен Клингендаль инсутитуты арасында бүгінгіден де тығын қарым-қатынас орнатуды ұсынды. Бұл ретте ол институт өкілдерін Astana Club-тың кезекті мәжілістеріне қатысуға шақырды.

Жиын соңында тараптар энергия тасымалдау, жасыл энергетика саласындағы ынтымақтастықтың балама мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты.


Соңғы жаңалықтар