+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Тәуелсіздіктің 30 жылында елдегі БАҚ саны 407-ден 4,5 мыңға артты

2021 жылғы 24 маусым 17:41
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздіктің 30 жылында елдегі БАҚ саны 407-ден 4,5 мыңға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдарында елдегі ақпарат құралдарының саны 407-ден 4,5 мыңға көбейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева URKER-2021 ұлттық бәйгесінің марапаттау шарасында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы сәтті пайдаланып журналистер қауымы мен барша ақпарат саласының мамандарын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде мемлекетімізге өткен отандық медиа саласы да жаңару, даму кезеңінен өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде тек 407 ақпарат құралы, соның ішінде екі телеарна ғана болса, қазір олардың саны 4,5 мыңнан асты. Бір ғана «Qazaqstan» ұлттық арнасы бүгінде құрамына 5 республикалық, 14 өңірлік телеарна, 4 радио енетін үлкен ұлттық корпорацияға айналды», - деді министр.

Ведомство басшысы ақпарат құралдарының санымен бірге сапасы да артқанын атады.

«Ұлттық медиа тарихында тұғыш рет балалар арнасы Balapan, спорт арнасы QazSport, көрермендерің көзайымы болып отырған Abai арнасы іске қосылды. Тәулік бойы ақпарат тарататын «Хабар-24», 10 миллионға жуық көрермені бар «El Arna «, әлемнің 120-дан астам еліне хабар тарататын Qazaq.tv бар «Хабар» агенттігі – бүгін ең ірі медиаорталық. Жалпы ел аумағында қазіргі таңда 184 телеарна, 79 радио, 790 ақпараттық агенттік бар», - деді Аида Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT