Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде 1 миллион қандас атамекенге оралды – Санай Заңғар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде 1 миллион қандасымыз атамекеніне оралды. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында Астана» телеарнасының Қостанай облысындағы тілшісі Санай Заңғар айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаттықтың арқасында Алтайдан – Атырауға дейінгі байтақ даланың шекарасы белгіленіп, қазығы қағылды. Сан ғасырдың түйткілі болған Қытай мен Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сынды мемлекеттер арасындағы шекара мәселесі шешілгенде, әлемдік қауымдастық таңданысын жасыра алмады. Расында, кейбір мемлекеттер ғасырлар бойы шекара мәселесін шеше алмай келеді. Ал Сіз, сайын даланың шеткі шебін санаулы уақытта шегендеп бердіңіз. Ерен еңбегіңізге кемелді келешек ұрпақ өзінің тарихи бағасын береді деп білем», - деді ол Елбасына қарата.

Сонымен қатар ол ҚР Тұңғыш Президенті негізін қалаған «Нұрлы көш» бағдарламасымен елдіктің елеулі 30 жылында бір миллионнан астам адам атамекеніне оралғанан айтты.

«Әлбетте әр қандас «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не берем деген» кемел оймен келді. Оның дәлелі Тобыл өңіріне тұрақтаған біздің әулет. Ата-анаммен бауырларым ата кәсіппен айналысып, жағдайын жақсартып, тіршілігін түзеп отыр», - деді ол.

Сонымен қатар ол атамекенге ат басын тіреген ағайын елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру жолында аянбай еңбек етіп жатқанын, өркениет көшіне ілескен өрелі елдің тұрмыс-тіршілігіне бейімделіп, түрлі ұлыс өкілдерімен тіл табысып, біте қайнасқанын атап өтті.

«Соңғы жылдары қандас талапкерлерге бөлінетін квота еселеп ұлғайды. Соның арқасында 7 мыңнан астам қандас бауыр қазір елімізде білім алып жүр. Тіпті АҚШ, Канадада тұратын қазақ жастары әйгілі Гарвард, Кембридж емес, Орталық Азиядағы озық оқу орыны — Назарбаев университетіне түсіп жатыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар