+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түркітілдес елдермен телекөпір ұйымдастыру ұсынылды

2021 жылғы 15 қыркүйек 14:23
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түркітілдес елдермен телекөпір ұйымдастыру ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы Ләззат Танысбай түркітілдес елдердің мемлекеттік телеарналарына бірлескен телекөпір ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық оқушылар Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктермен танысты Ақпарат министрлігі Жамбыл облысында журналистермен болған оқиғаға түсініктеме берді Аида Балаева пандемиядан кейін әлемдегі ақпараттық технологиялардың рөлі туралы айтты

«Биыл Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан сынды түркітілдес елдер өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлап жатыр. Сондықтан осы 30 жылдық шеңберінде Наурыз мейрамы аясында мемлекеттік телеарналарға бірігіп, телекөпір ұйымдастыруды ұсынамыз. Бұл біздің әріптестер үшін ғана емес, ортақ аудиториямыз үшін де қызықты болар еді. Мысалы өткен жылы Қазақ радиосының 100 жылдығында радиокөпір ұйымдастырған едік. Оған Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Иран радиоларының тілшілері қатысқан еді. Болашақта да осындай шараларды бірлесіп өткізуге шақырамыз», - деді Ләззат Танысбай XVII Еуразия медиафорумында «Түркітілдес елдердің бұқаралық ақпарат құралдары» атты дөңгелек үстелде.

Сонымен бірге Ләззат Танысбай түркітілдес елдердің бұқаралық ақпарат құралдарын мәдени-тарихи бағыттағы жобалардан бөлек, қазіргі уақыттағы ең өзекті - коронавируспен күрес тақырыбында да бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

«Бір ғана «Қазақстан» телерадиокорпорациясы осы күнге дейін бір жарым жылда коронавируспен күрес және көрермендерді вакцина алуға шақыратын 160 шағын ролик жасап, ұсынды. Тақырып және аудитория алдындағы біздің міндетіміз – ортақ. Сондықтан мұндай роликтерді бөлісуге дайынбыз. Түркітілдес елдер арналарындағы осы бағыттағы өнімдерді өз тілімізге дубляждап, эфирден ұсынуға әзірміз», - деді басқарма төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT