Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай амнистия: ҚР ІІМ заң жобасын талқылауға ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын қоғам талқылауына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып, «Рақымшылық туралы» заң жобасын әзірледі.
Заң жобасында қылмыстық жауаптылықтан босатылуға және жазаны өтеу мерзімдерін қысқартуға жататын сотталғандардың санаттарын айқындалған.
«Рақымшылық азаматтардың әлеуметтік осал топтарына және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған, келтірілген залалды өтеген адамдарға қатысты болады», - деді ҚР ІІМ-нен.
Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталының «Құқықтық көмек» бөлімінде орналасқан. Оны талқылау биылғы 5 наурызға дейін жалғасады.
Еске салайық, былтырғы 29 қазанда Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.
- Қызылордада 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды
- ШҚО тұрғыны полицияға 1889 жылы шыққан қаруды тапсырды
- Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге арналған кеңес өтті
- Президент тапсырмасы: Ақтөбеде жылына 500-600 гектар жер орманды алқапқа айналмақ
-
Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономика деңгейін төмендету қадамдарын айқындады
-
Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам