+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай 1149 іс-шара өткізілді - БҚО

2021 жылғы 23 шілде 16:01
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай 1149 іс-шара өткізілді - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөнінде іс-шаралар жоспары дайындалып, тұжырымдамаға сәйкес өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да абаттандыру ережесін бұзуға қатысты 3 мыңнан астам дерек тіркелді Қазақстанда мемқызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі жүргізілуде Бүгін Алматы әкімінің қабылдауында болған тұрғындардың көпішілігінің мәселесі шешілмек

БҚО ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дархан Қадралиевтің айтуынша, мерейтойлық жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 100 мыңнан астам адамды қамтитын 1149 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде республикалық деңгейде - 6, облыстық деңгейде - 148, қалалық және аудандық деңгейде - 968 іс-шара өткізілді.

Мерейтойға орай Сырым ауданының орталығы Жымпитыда 3 бағыттан тұратын дәстүрлі «ІV республикалық Қадыр оқулары» байқауы ұйымдастырылды.

4 маусым – Қазақстан Республикасының рәміздері күніне орай белсенді жеңіл атлеттер, өңірдің жас велошабандоздары, жаяу марштағы әскерилер және байдарка есуден олимпиада қатысушысы Александр Дергуновтың атсалысуыменн ауқымды көлемдегі «Желбіре, көк байрағым!» ту беру эстафетасы өтті.

Сондай-ақ, «Жас сарбаз» сыныптары оқушыларының арасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту және әскери қызметті насихаттау, оқушыларды әскери-қолданбалы және техникалық дайындыққа дағдыландыру мақсатында 325 оқушыны қамтыған «Жас сарбаз-2021» әскери-спорттық ойынының өткізілгенін айта кеткен жөн.

Мерейтой аясында облыста иллюстративті кітап көрмелері, балалар және жасөспірімдер, жастар театры, өлкетану фестивальдері ұйымдастырылды.

Мұнымен қатар «Ел тарихы» атты деректі фильмдер дайындалуда. Апта сайын «AQJAIYQ» телеарнасында «Тәуелсіздік шежіресі» - «Достояние республики» айдарымен бейнероликтер көрсетіліп жатыр. Жергілікті арналардан Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы жүріп өткен жолы жайында сюжеттер берілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT