Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Жыр жұлдыздары» мүшайрасы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жыр жұлдыздары» мүшайрасы өтті. «Жанубий Қозоғистон» редакциясы ұйымдастырған мүшайраға облыс пен Шымкент қаласының ақындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауға қатысушылар тәу еткен Тәуелсіздігіміз, еліміздің еркіндігін өз жырларына қосты. Достық пен адами қасиеттер тұралы жазылған өлеңдерін ұсынды. Егемендік алған жылдары жеткен жетістіктерін жеткізді.

Барлық қатысушылардың өнерін әділ-қазылар таразылап, байқау жеңімпаздарын дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева бас жүлдені иеленген ақындарға бағалы сыйлықтар табыстады. Өз шығармаларымен көптің ілтипатына ие болған қатысушылар Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының «Дустлик» медалімен марапатталды.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысының Сайрам ауданында «Мәңгілік ел жырлайды» республикалық ақындар айтысы өтті.




Соңғы жаңалықтар