Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу бойынша республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін, әрбір іс-шара елге пайда әкелетін нақты қадамдармен байланысты болуы тиіс екенін атап өткенін білесіздер. Осыған байланысты, мерекелеуге идеологиялық тұрғыдан келуіміз керек. Мерейтойлық іс-шараларды мәдениет, архив, спорт және туризм инфрақұрылымын дамытуға бағыттағанымыз жөн. Жоспардың іс-шаралары ұлттық мәдениетті ілгерілетуге, салт-дәстүрді жандандыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға бағдарлануы тиіс», - деді Ақтоты Райымқұлова министрліктің алқа мәжілісінде.

Еске сала кетсек бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өткенде артық ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін ескерткен еді.


Соңғы жаңалықтар