Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Жаңақорғанда бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Жаңақорған ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шараларға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.

Аймақ басшысы алдымен ауданға қарасты Төменарық ауылдық округінде болды.

Онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған спорт кешенінің ашылуына қатысты Жаңа ғимарат құрылысын «Айару» дара кәсіпкерлігі жүргізген.

Спорт кешені қазір 12 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бұл орында 170-ке жуық бала еркін күреспен айналысуына мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, дзюдо және баскетбол үйірмелері жұмыс істейді.

Облыс әкімі балалардың спортпен айналысуына қолай жағдай жасаған кәсіпкермен ризашылығын білдірді.

Спортзалда жасөспірімдермен тілдесіп, оларға ақыд-кеңесін айтты. Сондай-ақ, округтегі ақсақалдардың ауылды дамытуға қажетті ұсыныстарын тыңдады.

Келесі кезекте облыс әкімі Келінтөбе ауылдық округінде болды. Ауылда 4 мыңға жуық адам тұрады.

Елді мекенде кәсіпкерлікке ден қойған азаматтар көп. Биыл ауылдың 12 тұрғыны «Бастау бизнес» бағдарламасы 8 адам кәсібін дамыту үшін грант иегері атанды.

Мұнда өңір басшысы жаңадан салынған әкім аппаратының ғимаратымен танысты. Нысан тамыз айында пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, ауданға қарасыт Қандөз елді мекенінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өткен жылдың наурыз айында пайдалануға берілген спорт кешені жұмысымен танысты.

Онда қазір 126 бала спорттың 3 түрі бойынша жаттығады.

Спорт кешені арқылы 11 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ауылда тұрғындар облыс басшысына инфрақұрылым мәселелеріне қатысты ұсыныс-пікірлерін айтты.

Аталған мәселелер алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешіледі.

Өңір басшысы Президент тапсырмасына сәйкес өңірде спорт саласын қаржыландыруға мән беріледі.

Бүгінде 2156 баланы қамтитын мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыру мақсатында биыл 212 млн теңге бөлінсе, ол келер жылы 638 млн теңгеге ұлғайтылады.

Сол арқылы 4312 баланы бұқаралық спортқа тарту көзделген.

Мұнан соң аймақ басшысы ауданға қарасты Жаңарық елді мекеніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты шарада өңір басшысы ұлт денсаулығын нығайту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін, дәрігерлік амбулаторияның ашылуы ауыл тұрғындарына медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

«Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында денсаулық сақтау ісінің тиімді моделін құру арқылы 3 жыл ішінде барлық ауылдық елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Аймақтың барлық аудандарында медициналық объектілер жаңадан салынуда. Былтыр Жалағаш ауданында 100 төсектік заманауи орталық ауруханыны пайдалануға берілсе, биыл тамыз айында облыс орталығынан модульді жұқпалы аурулар ауруханасы іске қосылды. Жыл соңына дейін Қазалы ауданынан 250 адамға арналған емхананы ел игілігіне табысталады.

Бүгін жаңа амбулаторияны мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде «Ныш-Ер» құрылыс компаниясы қысқа мерзімде салып берді», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Еске салсақ, тәуелсіздік жылдарында Қызылорда облысына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.


Соңғы жаңалықтар