+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Шығыс Қазақстанның 653 мектебінде ашық сабақ өтті

2021 жылғы 15 қыркүйек 10:45
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Шығыс Қазақстанның 653 мектебінде ашық сабақ өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы барлық мектепте «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары үшін ашық сабақ өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды Ақмола облысында «Қазақстан - Ұлы дала елі» атты жастар форумы өтті Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай еліміздің үздік 30 ауылы анықталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстандағы 647 мемлекеттік және 6 жекеменшік мектепте педагогтар жас ұрпаққа егемендік алғаннан бергі еліміздің негізгі жетістіктері туралы айтып берді.

Мәселен, Өскемендегі А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектеп мұғалімі Гүлім Сейтбекова екінші сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді.

Ол балаларға Тәуелсіздік – елдің басты құндылығы екендігін жеткізді.

«Қазақстан үлкен жолды бағындырды. Бірқатар реформалар енгізілді. 1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды. Сол жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1992 жылы Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің мызғымас негіздері қабылданды. Келесі жылы айналысқа Тәуелсіздіктің тағы бір атрибуты – ұлттық валюта енгізілді. 1994 жылы елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданған. Кейін ол Астана деп аталды. Аз уақыттың ішінде елорда адам танымастай өзгерді», – деді Гүлім Сейтбекова.

Сондай-ақ ол оқушыларға 2011 жылы Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындарының өткізілгені туралы айтты.

Сол кезде қазақстандық спортшылар 70 медаль, оның ішінде 32 алтын жеңіп алған.

Ашық сабақ барысында балалар ең маңызды және ауқымды іс-шаралардың бірі - халықаралық, мамандандырылған EXPO көрмесін талқылады.

2017 жылы Қазақстан ТМД аумағында осындай көрме өткізген алғашқы ел болды. Сол кезде көрмеге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

Сонымен қатар педагог оқушыларға Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай жұмыс жүргізіп жатқаны туралы сөз қозғады.

Оқушылар ашық сабаққа үлкен қызығушылықпен қатысып, өз әсерін бөлісті.

«Маған бұл сабақ өте ұнады. Ұстазымыз еліміздің қалыптасу тарихындағы жетістіктері туралы айтып берді. Біз көп нәрсені білдік. Мен елордамыз Нұр-Сұлтанда болдым. Ол өте әдемі қала, бәріненде маған Бәйтерек ұнады», – деп өз әсерімен бөлісті №20 орта мектептің екінші сынып оқушысы Арсен Қалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT