Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ШҚО-да зағип жандарға арналған арт-галерея ашылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай зағип жандарға арналған арт-галерея ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған көрме ашылды. Онда ақын, өлкетанушы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ШҚО Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Алдияр Әубәкіровтың ел тарихынан сыр шертетін туындылары ұсынылған.

«Жерлес суретшілеріміз Н.Аштема, Г.Макарова, Қ.Қадырбеков, Б.Исиналардың әр түрлі техникада салынған картиналарына зор құрметпен қараймын. Әрбір картина туған өлке туралы жылы және әсерлі естеліктер қалдырады. Патриот болу – Отанмен бірге болу!», - дейді суретші.

«Музы не молчат» атты арт-галереяның мақсаты – туған өлкенің табиғаты мен тарихынан сусындату және облыс суретшілерінің шығармаларымен таныстыру.

«Бүгін біздің кітапханада ерекше оқиға. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ерекше арт-галерея ашылды. Енді мұнда келушілер үшін отандық қылқалам шеберлерінің жұмыстарын қолмен ұстап, көзбен көруіне таптырмас мүмкіндік туып отыр», - дейді кітапхана директоры Гүлнәр Қадырова.

Айта кетейік, арт-галерея мамыр айының соңына дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар