Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырауда «OTAN Life» жобасы басталды
2021 жылғы 19 ақпан 17:33

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырауда «OTAN Life» жобасы басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «OTAN Life»жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасы қосымша білім беру, тәрбие жұмысы, өзін-өзі тану және бала

құқығын қорғау бөлімінің басшысы Алмагүл Қайырлиеваның айтуынша, «OTAN Life» —

биыл Атырау облысының білім беру ұйымдарында іске асатын жобалардың негізгісі.

«Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында

ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді құрметтеу сезімдерін қалыптастыру. Жобаға барлық

мектептің оқушылары мен колледж студенттері, педагогтар және ата-аналар қатыса

алады. Жоба толыққанды іске асу үшін жауапты комиссия құрамы жасақталады.

Комиссия құрамына жоба жетекшісі, ата-аналардың қоғамдық кеңесі, Аналар мектебі,

Әкелер қоғамдық кеңесі, ұлдар, қыздар ұйымы, «Адал ұрпақ», әскери-патриоттық,

еріктілер клубтары, «Жас ұлан» ББЖҰ, «Мектеп инспекторының жас көмекшілері»

секілді мүдделі ұйымдар мен тұлғалар кіреді», - дейді Алмагүл Қайырлиева.

Оның айтуына қарағанда, аталмыш жобада онлайн-дәрістер, сынып сағаттары, дебаттар,

кітаптар бейнеблогы, мұражайларға саяхат, жас ғалымдармен кездесу, сурет шеберханасы,

жас айтыскер сайысы, ерекше білімге қажеттілігі бар балалар арналған, әскери-патриоттық клубтар арасында сайыстар, оқушылар арасында эссе конкурсы және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Атырауда «30 игі іс»

қайырымдылық акциясы басталған еді.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT