Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырауда кикбоксингтен ел чемпионаты басталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кикбоксингтен ел чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдениет және спорт министрлі және Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жастар арасындағы республикалық чемпионатта еліміздің 17 өңірінен 200-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр.

Чемпионатқа қатысушыларға облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Кикбоксинг федерациясының президенті Тастанбек Есентаев сәттілік тіледі.

«Еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан жалындаған жастар қатысып жатқан бұл сайыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. Тартысты әрі қызықты бәсеке жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен жүйелі айналысатын жастардың қызығушылығын оятатыны даусыз. Осындай сайыстардың нәтижесінде облыс тұрғындарының 34,2 пайызы спортпен айналысады» - деді Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сайыста «Түйе палуандар» анықталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар