USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ақмолалық жас тарихшылар мен өлкетанушылар бас қосты

2021 жылғы 4 желтоқсан 16:48
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ақмолалық жас тарихшылар мен өлкетанушылар бас қосты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мектеп оқушыларының қатысуымен онлайн форматта Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Жас тарихшылар мен өлкетанушылар» форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысындағы автомобиль жолдарының сапасы қалай тексерілуде Ақмолалықтарды толғандырған мәселелер қоғамдық кеңесте қаралды Ақмоланың бас санитарлық дәрігері кәсіпкерлерді карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушыларды туған елінің тарихын зерттеуге тарту, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін кеңейту мақсатында өткізілген форумға облыстың 19 ауданы мен қаласынан 60-қа жуық оқушы қатысты.

Қатысушылар «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы« және «Менің туған өлкем« эссе байқауы сияқты үш жоба бойынша жобаларын таныстырды. Оқушыларды бағалау кезінде қазылар алқасының мүшелері тақырыптың толық ашылуына, идеяның бірегейлігіне, көркемдік шеберлігіне, техникалық және сапалы орындалуына назар аударды.

«Форум өте танымды өтті. Барлық қатысушылар Туған өлке тарихы, өлкетану және археология бойынша қызықты жобаларды ұсынды. Осындай іс-шараға қатысуға мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді», - деді Көкшетау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінің 11-ші сынып оқушысы Милана Подвительская.

Форум соңында осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды. Байқау жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT