Тәуелсіздіктің 25 жылдығына деген сүйспеншілігін кім қалай білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның түпкір-түпкірінде түрлі флешмоб өткізілді. Жыл бойы қазақстандықтар өздерінің еліне деген сүйіспеншілігін ән айтып, би билеп, түрлі акциялар ұйымдастырумен білдіріп жатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы ретте ҚазАқпарат өз оқырманының назарына ел азаматтарының талайды таң қалдырған барынша қызықты 5 тосын акциясын ұсынады.

2016 жылдың басында әлеуметтік желілердегі аваторларды мерекелік рәсімдеуге қатысты интернет акция басталды. 25.el.kz. сайтының көмегімен 128 мыңнан астам қазақстандық өзінің аватарын сәндеген болатын.
 

Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкенттегі «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері бір мезетте 25 санын жазып мерекелік сап түзеді.
 

Қазақстандықтар өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларына #ILOVEKZ хештегімен мыңдаған жарияланым жазды.
 

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері де тосын акция ұйымдастырды. Өңірдегі полиция органдарында қызмет ететін Қазақстан Тәуелсіздігінің 82 құрдасы мен 25 шолғыншы көлігі мерекелік дата логотипін жазды.
 

Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртістері сахна киімін шешіп, қарапайым киіммен вокзал жанында жүреді де, домбыраларын алып, екі барабаншының қасына жинала бастайды. Әртістер ортаға жиналған соң бір сәтте Шымкент қаласының аспанында Құрманғазының «Сарыарқа» күйі тартыла кетеді. Вокзал маңында жүрген қала тұрғындары мен жолаушылар қазақтың рухын оятып жүрген күйдің дауысы шығып жатқан жерге лезде жинала қалады. Көпшілік ұялы телефондарын қолына алып, ерекше флешмобты түсіре бастаған. Әртістер флешмобты «Жерім менің» атты әнмен әдемі аяқтай білген.

Соңғы жаңалықтар