Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерейтойлық монета таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта" тақырыбындағы конференцияда 5 000 теңгенің мерейтойлық монетасы таныстырылды. Ол үшін арнайы бейнебаян жасалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ұлттық банк Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне естелік монета шығарды. Ол - 925 сынамды күмістен жасалған бірегей монета. Номиналы - 5000 теңге. Бұл - жалпыұлттық "Мәңгілік ел" идеясының құндылықтарын сипаттайтын монета. Оның бет жағында Қазақ елі монументінің сипаты бейнеленген, қазіргі Қазақстанның картасы аясында xалықтар бірлігінің символы болып табылатын ұлттық киімдегі әр ұлт өкілдері бейнеленген. Бес мың теңгелік монета алтындалған күн шығыс бейнесімен әшекейленген. Оның салмағы 777,5 граммды құрайды", - делінген бейнебаянда.

Айта кетейік, бүгінгі конференция барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев жаңа банкнот - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген 10 000 теңгелік купюраны таныстырды. Ал қолма-қол ақша басқармасының бастығы Тоғжан Әбішеваның жаңа купюраның нақты таралымын ашып берді. ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновтың ойынша, Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа мерейтойлық купюра ұлттық валютамыздың құндылығын күшейте түседі.

null null 

Соңғы жаңалықтар