Тәуелсіздіктің 20 жылында Қазақстанда азаматтардың құқы мен бостандығын қорғауға қабілетті тәуелсіз сот жүйесі толық қалыптасты - Қ. Мәми

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында азаматтардың құқы мен бостандығын, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүддесін қорғау бойынша өзінің функцияларын орындауға қабілетті тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Сот төрелігін жүргізу кезіндегі соттың және судьяның тәуелсіздігі: құқық қолдану практикасының проблемалары және заңнамалық реттеудің перспективалары» тақырыбына арналған конференция барысында сөз сөйлеген палата төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлімдеді.

«Азаматтық және қылмыстық істерді қарау барысында тұрақтылыққа, сапаның жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Бұл ретте сот жүйесі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығын, сондай-ақ сот төрелігін қамтамасыз етуде оң ілгерілеуге қол жеткізетін үйлесімді ұйымдасқан тетік ретінде қызмет етіп келеді. Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан судьяларының V съезінде Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі ретінде соттар мен судьялардың нақты тәуелсіздікке ие болғанын атап өткен еді», - деді Сенат Төрағасы Қайрат Мәми.

Соңғы жаңалықтар