Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған конституциялық құрылыс тәжірибелері мен перспективалары тақырыбында конференция өтті

None
None
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы: конституциялық құрылыс тәжірибелері мен перспективалары» атты тақырыпта Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Шара Білім және ғылым министрлігінің, Конституциялық Кеңестің, Астана қаласы әкімдігі мен «ТАУ Бастау КZ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Жиын барысында Қазақстанның саяси өмірін одан әрі демократияландыру және жаңғырту мәселелері талқыға салынды. Бұдан бөлек, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық кезеңдері барысындағы еліміздің халықаралық құқық шеңберіндегі және сыртқы саясатындағы даму жолдары сараланды.

Конференцияға мемлектетік орган өкілдері, парламент депутаттары, шетелдік дипломаттар, қазақстандық және шетелдік ғалым-құқықтанушылар қатысты.

Соңғы жаңалықтар