+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Тәуелсіздікті баянды етуде Елбасының еңбегі ерен - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов

2014 жылғы 17 желтоқсан 15:47
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздікті баянды етуде Елбасының еңбегі ерен - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздікті баянды ету жолындағы еңбегі ерен. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Қуаныш Сұлтанов айтты.

«Біз осы 23 жылда ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап келген жетістіктерге жеттік. Біздің жетістігіміз Тәуелсіздік пен дұрыс ұйымдастырылған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында келді. Бұл тұрғыдан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Оның алысты байжайлай алатын көрегендігі, жаңашыл-жасампаздығы, терең білімі мен кемеңгерлігінің арқасында осы бақытқа жеттік. Қазір оның ұтымды реформаларының жемісін көріп отырмыз», - деді депутат.

Қуаныш Сұлтанов елдегі тыныштық пен ұлтаралық татулықты мемлекеттің басты байлығы санайды.

«Елде өзара татулық пен бірлікті, төзімділікті сақтау үлкен құндылық. Сондай-ақ адамдар бір мақсатқа жұмыс жасап, еңбек етсе, нұр үстіне нұр. Экономиканы өзінің тұрмысын жақсартуды мақсат тұтқан адамдар жасайды. Бұл туралы Елбасы өзінің Тәуелсіздік толғауында да айтып өтті. Осының бәрі қарапайым азаматтар үшін. Қазақстанның даму моделінің түпкі мағынасы неде? Кез-келген азаматтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне жол бермеу. Бұл тұрғыдан Қазақстанға осындай жасампаз басшы бұйырғанына шүкіршілік етуіміз керек», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT