Тәуелсіздікке 30 жыл: Шымкентте 112 отбасы жаңа пәтерге ие болды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкентте баспана кезегінде тұрған 112 отбасы жаңа пәтерлердің кілтіне ие болды. Олардың барлығы – көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы отбасылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, отбасыларға көптен күткен пәтер кілттерін табыстады.

«Қаланың жаңа даму бағдары айқындалды. Оның болашағынан үлкен үміт күтеміз. Шымкентті жайлы қалаға айналдыруда үлкен жұмыстар атқарылуда. Биыл 1 млн шаршы метр алаңы бар тұрғын үй пайдалануға берілуде. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Халқымыздың саны артып келеді. Тұрғындар саны еселеп өсе берсін», - деді Қырымбек Көшербаев.

Қала әкімі халықты тұрғын үймен қамту саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Биыл 676 азамат сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында 20 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамту жұмысы да жалғасуда.

Биыл осындай 300 жасқа 5 жылға арендалық пәтер табыс етілді. Алдағы уақытта тағы 900 жасты пәтермен қамту жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар