+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Тәуелсіздікке - 30 жыл: Маңғыстауда ауыл балалары велосипед теуіп жарысты

2021 жылғы 14 маусым 21:01
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздікке - 30 жыл: Маңғыстауда ауыл балалары велосипед теуіп жарысты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қарақия ауданындағы Болашақ ауылында 6-13 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында веложарыс өтті. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында «Қазақша сөйлейік» клубы ашылды Анкарада «Қазақстан-Түркия Достық велотрэгі» өтті Пандемия Тәуелсіздік тойына көптеген түзету енгізді – Дәурен Бабамұратов

Болашақ ауылының әкімі Түзелбай Сағиевтің мәліметінше, веложарыс жас ерекшеліктеріне қарай 6-9 жас пен 10-13 жас аралығындағы оқушылар арасында өтті.

Негізгі мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап, оқушыларды шымыр болуға тәрбиелеу.

Жарыс соңында команда жеңімпаздары анықталып, қатысушыларға дипломдармен арнайы сыйлық табысталды.

«Мектеп оқушылары арасында өткен сайысқа демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге, ұйымдастырушылар мен барлық атсалысқан азаматтарға алғысымды білдіремін», - дейді ауыл әкімі.

Болашақ ауылының кәсіпкерлері жасөспірімдер арасындағы спорттық шараларға демеушілік көрсетіп жүр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Темирбекова А каз
Темирбекова А каз
954-059

MURAǴAT