+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Тәуелсіздікке 30 жыл: Маңғыстау облысының Батыр ауылында 20 тұрғын үй қолдануға беріледі

2021 жылғы 11 қазан 21:40
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздікке 30 жыл: Маңғыстау облысының Батыр ауылында 20 тұрғын үй қолдануға беріледі

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Мұнайлы ауданы Батыр ауылының 10 жылдығы мерекеленеді. Осы орайда Батыр ауылында салынып жатқан 4 пәтерлі 20 тұрғын үй жыл соңында қолданысқа беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«7-20-25» бағдарламасы аясында несие беруге 78 774 өтінім қабылданды Астанада күрделі жөндеу жүргізілетін үйлер бойынша бағдарлама әзірленді Қарқаралыда 72 отбасы пәтер кілтіне ие болды

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың мәліметінше, мереке қарсаңында 80 пәтердің кілті көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасыларға кезек бойынша беріледі.

«Қазір құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. Инженерлік желілер толық тартылған. Аулаларды аббаттандыру жұмыстары қалды. Жақын арада 80 отбасы қуанышқа кенеліп, баспаналы болады деп жоспарлап отырмыз», - деді Рахат Елтизаров.

Жаңа пәтерлер 2 бөлмеден тұрады. Бір баспана шамамен 65 шаршы метрді құрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT