Тәуелсіздікке 30 жыл: Арыс қаласында Дінмұхамед Қонаевтың бюсті орнатылды

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Арыс қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың бюсті орнатылды.

Айтулы шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, зиялы қауым өкілдері және қайраткердің інісі Дияр Қонаев қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жиында қала әкімі атпал азаматтың Арыс қаласына сіңірген еңбегіне тоқталды.

«Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1956 жылғы 31 шілдедегі Жарлығымен Арыс - қала мәртебесіне ие болғаны белгілі. Мінекей, тура 65 жыл бұрын осы Жарлықтың күшіне енуіне Дінмұхамед Ахметұлы айрықша ықпал еткені ақиқат. Біз бүгін ел игілігі үшін ерен еңбек еткен ерлердің есімін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында осындай салтанатты шарада бас қосып тұрмыз. Бұл біз үшін зор мәртебе», - деді Гүлжан Мамытқызы.

Айта кетейік, ұлт мақтанышының бейнесі айшықталған мүсінді Арыс қаласының тумасы, Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев сыйға тартты.


Соңғы жаңалықтар