Тәуелсіздік жылдарында Наурызды Қазақстан халқы бірлігінің символына айналдырдық - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат / Руслан Ғаббасов / - Тәуелсіздік жылдарында Наурызды Қазақстан халқы бірлігінің символына айналдырдық.

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» монументі алаңында Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтау кезінде Елбасы Н. Назарбаев осылай айтты. «Тәуелсіздік жылдары біздің мемлекет Наурызды ортақ отанымыз - Қазақстанда тұратын этностар мен халықтардың бірлігі символына айналдырдық», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы бұл мерекені Қазақстан халқы жыл сайын тағатсыздана күтетінін атап өтті. «Оны еліміздің барша жұртшылығы еліміздің әр өңірінде осы күні мерекелейді. Бұл достықтың, бірліктің, күн мен түннің теңесуінің мерекесі», -деді Президент.

Бүгінде еліміздің әл - ауқатын арттыру бағытында жаңа жұмыс орындары құрылып, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелері ашылып, қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталған Н. Назарбаев «2020 жылға дейін 1,5 млн. адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетінін» жеткізді.

«Осының барлығы тәуелсіздіктің жетістігі. Бұл игі шаралар халқымыздың игілігіне жасалып жатыр», -деп түйіндеді Президент.

Соңғы жаңалықтар