Тәуелсіздік жылдарында кедейшілік 40-тан 3 пайызға дейін қысқарды - Елбасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шет мемлекеттердің прагматикалық оптимизмі Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесіне сенімділіктің маңызды көрсеткіші. Бұл туралы бүгін XII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Қазақстанға сенген және бүгінгі күні де сенім артып отырған серіктестеріміздің, мемлекеттердің, достас инвесторлардың сенімін жоғары бағалаймын. Мұндай прагматикалық оптимизмді Қазақстанның саяси және экономикалық жүйесіне сенімділіктің маңызды көрсеткіші санаймын. Біздің еліміз әлемдік қоғамдастықтың құрметті мүшесіне айналды. Тәуелсіздік жылдарында экономика 20 есе артып, кедейшілік 40-тан 3 пайызға дейін қысқарды. Біз бұл бағытты нығайтуды жалғастырамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ҚР Тұңғыш Президенті еліміздің Сыртқы істер министрлігі шетел инвестициясын тарту мәселесінде негізгі орган саналатындығын айтты. Ал шетелдегі Елшіліктер Қазақстанда жұмыс істеуге ниет танытқан кез келген инвестор үшін бірыңғай терезеге айналады.

«Біз әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жұмыстарын жалғастыра береміз. 2050 жылға дейін даму стратегиясы қабылданған. Біздің барлық стратегиямыз бен бағдарламамыз бір мақсатқа жұмылдырылған. Бүкіл Қазақстан осы бағытта жұмыс істеуде», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар