Тәуелсіздік жылдарында қанша адам қажы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов соңғы 29 жылда қанша қазақстандықтың қажылық сапар жасағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, статистикалық мәліметтерге келсек, жыл санап қажылыққа ниет етушілер саны артып келеді. 1990 -2019 жылдар аралығында Қазақстан азаматтарына Сауд Арабиясы тарапынан 56 635 қажылық квота бөлінген», - деді ол.

Комитет өкілі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары біздің ел азаматтарына ондаған квота ғана бөлінгенін, кейін оның көбейе түскенін айтады.

«1990 жылы Сауд Арабиясы қазақстандықтарға 50 квота бөлсе, 1991 жылы 74 квота бөлген. Осылай өсе келе, биыл 3200-ге жетіп отыр», - деді Ержан Нүкежанов.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, Наиб Мүфти Наурызбай Өтпеновтің айтуынша, Қазақстан азаматтарын қажылық сапарға апарумен 18 компания айналыспақ.

«Қажылыққа барушылардың қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы миссия құрылды. Ол миссия 12 адамнан тұратды. Олардың қатарында наиб мүфтидің жетекшілігімен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының 8 өкілі, Дін істері комитетінің өкілі және 3 дәрігер бар. Одан бөлек қазақстандықтардың қажылыққа баруына 18 фирма жауапты. Осы әр фирмаға бір діни қызметкер және бекітілген», - деді мүфтият өкілі.

Еске салсақ, жыл басында қазақстандықтарды қажылыққа апаратын екі әуе компаниясы бекітілген болатын. Биыл өңірлер арасында Түркістан облысынан қажылыққа баруға ниет білдірушілер саны көп.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Өтпенов қажылық виза кімдерге берілмейтінін түсіндірді.


Соңғы жаңалықтар