Тәуелсіздік жылдарында елде 787 ішкі істер қызметкері қызмет бабында қаза болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған ішкі істер органы қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлерінің монументіне гүл қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға жиналған жұртты қатар келетін қос мерекемен құттықтаған Ерлан Тұрғымбаев екеуінің ішкі істер саласы қызметкерлері үшін ерекше маңызға ие екенін атады.

«Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 3 мыңнан астам майдангер елге оралған соң ішкі істер органдарында қызмет етті. Майдангер қызметкерлердің 20-дан астамы жоғары генерал атағын алды. Олардың ерлігі жас буынның париоттық сезімін шыңдауда басты үлгі болып қалады» - деді Е.Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, тәуелсіз Қазақстан тарихында ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 787 қызметкері қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тауып, 351 қызметкер түрлі жарақат алған.

Гүл қою рәсімінен кейін сала үздіктері министрдің қолынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар алды. Мемлекеттік наградалармен ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 29 қызметкері, ведмстволық наградалармен 628 қызметкер марапатталды.

null null null null null null null

Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар