Тәуелсіздік жылдары ШҚО-ның мәдениет саласы қалай дамыды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік жылдары мәдениет саласын дамытуға 110 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, 1991-2021 жылдар аралығында өңірде осы саланың тұрақты дамуы үшін 110 миллиард теңгеден астам қаржы жұмылдырылған. Осы жылдар ішінде аймақтағы мәдениет және өнер нысандары көбейді. Бүгінгі таңда мұндай 630-дан астам нысан бар. Олардың құрамына кітапханалар, музейлер, Достық үйлері, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары мен саябақтар кіреді.

«Жаңа мәдениет нысандарын қайта құру мен салуға ерекше назар аударылған. Тек соңғы онжылдықта 170 мәдениет объектілерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта тағы бірнеше нысанның құрылысы жүріп жатыр», - делінген ақпаратта.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың қолдауымен «Абай әлемі» кітап сериясымен 44 мыңға жуық кітап жарық көрді. Бұл кітаптар өңір кітапханаларына таратылып, оның сандық көшірмелері Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасында орналастырылған.

«Өскемендегі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана Қазақстандағы кітапханалардың арасында бірінші болып «Біздің Абай« толық мәтінді электронды кітапханасын құрды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері кітапханалар мерзімді басылымдар мен кітаптарға қол жеткізуге болатын орынға ғана емес, заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталған мәдени және демалыс орталықтарына айналды», - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар