Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мәдениетінің нағыз ренессенстық дәуірі болды - Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мәдениетінің нағыз ренессенстық дәуірі болды. Бүгін елордада «Астана-Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ашылуы барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Біз талантты халқымыз өздерінің шығармашылық әлеуетін барынша ашуға мүмкіндігі болатын жағдайларды жасаймыз. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мәдениетінің нағыз ренессенстық дәуірі болды. Осы жылдар ішінде біз мәдени мекемелер желісін кеңейттік. Бүгінгі күні олардың саны елімізде 41 республикалық, 7 мыңнан астам жергілікті мекемелерді қамтып отыр, ал оларда 75 мыңнан астам адам жұмыс істеуде», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2012 жылы мәдениет саласына жұмсалған шығындар 35,5 млрд. теңгені құрағанын атап өтті.

«Менің тапсырмам бойынша Астанада Қазақ ұлттық мұрағаты салынып жатыр. Ол ағымдағы жылдың соңына таман ашылатын болады», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар