Тәуелсіздік жылдары қазақ ақындары жазған үздік 25 кітап

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, adebiportal.kz Тәуелсіздіктің жиырма бес жылында жарық көрген қазақ поэзиясының үздік 25 кітабын жариялады.

 Порталдың хабарлауынша, тізімге енген кітаптарды әдебиеттен хабары бар жас қаламгерлер сауалнама арқылы іріктеген.  

«Бұл ақындар ширек ғасырда қазақ поэзиясына тың өзгерістер әкелді. Дәстүрлі поэзиямыздың ізін жалғап, постмодернистік бағытта төңкеріс жасады. Қазақтың құнды ойлары сығымдалып, осы кітаптардың ішіне топтасқан», - деп жазды Әдебиет порталы. 

Үздік 25 кітап:

1. ТемірханМедетбек «Көк түріктер сарыны»

2. Тыныштықбек Әбдікәкімұлы «Ақшам хаттары»

3. Есенғали Раушан «Бозаңға біткен боз жусан»

4. Жәркен Бөдешұлы «Емендер түнде бүрлейді»

5. Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап»

6. Несіпбек Айтұлы «Көз жасым»

7. Сабыр Адай «Әр қазақ- менің жалғызым»

8. Мейірхан Ақдәулетұлы «Дәруішнама»

9. Қасымхан Бегманов «Күреңбел»

10. Серік Ақсұңқарұлы «Адам Ата мен Хауа Ана»

11. Сұраған Рахметұлы «Түске оранған күз»

12. Светқали Нұржан «Таң қауызын жарғанда»

13. Мұрат Шаймаран «Еркін аспан өлеңі»

14. Ғалым Жайлыбай «Тобылғы жарған»

15. Оңайгүл Тұржан «Теңіздер де шөлдейді»

16. Гүлнар Салықбай «Кешіріңдер келгеніме өмірге»

17. Маралтай Ыбырайымұлы «Кентавр»

18. Жанат Әскербекқызы «Бұлт болып көшеді өлең»

19. Жанна Елеусіз «Тіршіліктрилогиясы»

20. Жарас Сәрсек «Түнемел»

21. Бақыт Беделхан «Уақыттың жүрегі»

22. Ақберен Елгезек «Шексіздік сыртындағы шам»

23. Ұларбек Дәлейұлы «Күз жауған соқпақ»

24. Бауыржан Қарағызұлы «Жүрек кітабы»

25. Ерлан Жүніс «Үміт жырлары»

Соңғы жаңалықтар