Тәуелсіздік жылдары біздің өзіміздің өте жақсы дәстүрлеріміз қалыптасты - Елбасы

None
None
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тәуелсіздік жылдары біздің өзіміздің өте жақсы дәстүрлеріміз қалыптасты.

Бұл туралы бүгін Елбасы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының  сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бүгінде біз барлығымыз рухани келісім күнін, құрбан айт, пасха, рождествоны мерекелейміз. Бұл барлық қазақстандықтардың мейрамы», деді Елбасы. Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздің қоғамында үлкенді құрметтеу, отбасындағы сыйластық, балаларды қамқорлыққа алу, қонақжайлылық секілді құндылықтар қалыптасқанын атап өтті.

 Ұлттық бірліктің доктринасы тұрақтылықты, келісімді, еліміздің жарқын болашағы үшін барлық мәселелерді қамтуы керек екеніне тоқталған Н. Назарбаев: «Бұл этносаралық, конфессияаралық қарым-қатынастардың барлық кешені бойынша тұтас іс-қимылдар бағдарламасы болады», деді. Аталған доктринамен кез келген  саяси құжаттар санасуы керек екенін жеткізген Елбасы оның ережесі 2020 жылға дейінгі еліміздің даму стратегиясында ескерілуі тиіс екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар