USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

2021 жылғы 8 желтоқсан 12:55
Бөлісіңіз:
Тәуелсіздік жылдары Алматыда 450 жекеменшік балабақша мен 84 мектеп ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздктің 30 жылында Алматы қаласында мемлекет есебінен 61 балабақша, 45 мектеп салынған. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа реанимобильдер берілді Алматыда Абай даңғылынан жоғары қарай салынатын үйлердің биіктігі 3 қабаттан аспауы керек Жамбылда мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесі 61,2 пайызды құрады

«Тәуелсіздік жылдары қала экономикасы 1993 жылғы 2,1 млрд теңгеден 2020 жылы 13,5 трлн теңгеден дейін өсті. Тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекет шағын және орта бизнесті қолдауда белсенді рөл атқаруда. Нәтижесінде Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ саны 94,6 есе және ШОБ нысандарында жұмыс істейтіндер саны 9,3 есе артты. Халық саны 1,8 есе өсіп, қазір мегаполисте екі миллионнан астам халық тұрады», - деді қала басшысы.

Оның мәліметі бойынша, 30 жылдың ішінде денсаулық сақтау ұйымдарының саны 1,5 есе ұлғайған.

«Қала тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа жетті. Тәуелсіздік жылдарында білім алуға қолжетімділік айтарлықтай өсті. Мемлекет 61 балабақша, 45 мектеп салды. Бизнес 450-ден астам балабақша мен 84 мектепті іске қосты. Тұрғы үй құрылысының көлемі 7,5 есе ұлғайып, 26,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынды», - деді әкім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT