Тәуелсіздік жылдары Алматы халқының саны 76 пайызға өсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 30 жылдың ішінде Алматы халқының саны 76,8 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметіне сәйкес, 30 жыл ішінде мегаполис тұрғындарының саны 859 мың адамға көбейді.

«1991 жылдың басында Алматы қаласында - 1 118,7 мың адам тұрды. 2021 жылдың 1 қаңтарында - 1 977,3 мың адамға жетті. 30 жыл ішінде Алматы қаласының халқы 859 мың тұрғынға көбейіп, 76,8% өсті «, - деп атап өтті департамент.

Айта кетейік, елде 2002 жылдан бастап халық саны өсімінің тұрақты үрдіске айналды. Ол ең біріншіден табиғи өсімге, екіншіден 2004 жылы басталған көші-қон өсіміне байланысты қалыптасты.

Халық санына қатысты нақты деректі халық санағы ұсынады. 2020 жылдың қазан айында елде үшінші халық санағы өтті. Зерттеулер әр 10 жыл сайын жүргізіледі.

«Республика халқының жалпы санындағы Алматы қаласы халқының үлесі 10,5% құрады және басқа аймақтармен салыстырғанда Түркістан (10,8%) және Алматы (11%) облыстарынан төмен. 2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша халық саны- 1 989 931 адамды құрайды»,- деп хабарлады ведомствадан.


Соңғы жаңалықтар