+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

«Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» атты конференция өтеді

2021 жылғы 21 қыркүйек 13:21
Бөлісіңіз:
«Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» атты конференция өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 қыркүйек күні, сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына мен Қазақстан Республикасы ұлттық архивінің 15 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Ұлттық архиві ұйымдастырмақ.

Конференцияға Елбасы кітапханасының директоры Б.Б. Темірболат , ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.Р. Әбдірахымов , Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік архивтің директоры Угур Юнал , БАӘ Ұлттық архивінің бас директоры Абдулла Аль-Райси , Қырғыз Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры Ж.Д. Бечеков , Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті»АҚ басқарма төрағасы Д.Қ. Қыдырәлі , Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықов , Қазақстанның жаңа тарихын зерттейтін ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

Конференция барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің басшысы М.Б. Қасымбековтың құттықтау сөзі оқылмақ.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.

Оған қажетті мәліметті 21.09.21 күнгі сағ. 16.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-57.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT